Матч 16 қазаннан 17 қазанға қараған түні «Терф Мур» стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен түнгі сағат 00:00–де басталады. Бұл ойында Сәтпаевтың «клареттер» сапында алаңға қайта шығуы мүмкін.
Алдыңғы турда қазақстандық шабуылшы «Чарльтон Атлетикке» қарсы өз алаңында өткен матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне енбеді. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Оған дейін «Бернли» «Уотфордты» 4:0 есебімен ойсырата жеңген. Сол матчта Дастан Сәтпаев та алаңға шықты.
Қазір «Бернли» турнир кестесіндегі төменгі орындардан жоғары көтеріліп, Чемпионшипте 8 ұпаймен 21-орында тұр.
Айта кетейік, тамыз айының соңында Дастан Сәтпаев «Бернли» сапындағы алғашқы толық матчын өткізген болатын.