Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип УЕФА Ұлттар лигасының қараша айындағы соңғы матчтарына қатысатын ойыншылардың түпкілікті тізімін жариялады.
Нидерландтық маманның тізіміне 27 футболшы енді.
Қазақстан құрамасының толық тізімі:
Қақпашылар:
Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан)
Бекхан Шайзада («Ордабасы»)
Александр Заруцкий («Ақтөбе»)
Қорғаушылар:
Әлібек Қасым («Астана»)
Ян Вороговский («Астана»)
Нұралы Әліп («Зенит», Ресей)
Сергей Малый («Ордабасы»)
Әділбек Жұмахан («Елімай»)
Наурызбек Жағоров («Ордабасы»)
Александр Мрынский («Қайрат»)
Владислав Васильев («Астана»)
Арсен Әшірбек («Елімай»)
Темірлан Ерланов («Ордабасы»)
Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов («Елімай»)
Исламбек Қуат («Жеңіс»)
Бауыржан Исламхан («Астана»)
Дінмұхамед Қараман («Астана»)
Жасұлан Әмір («Ордабасы»)
Алмас Тұлыбай («Елімай»)
Еркін Тапалов («Тобыл»)
Айбол Әбікен («Қызылжар»)
Шабуылдаушылар:
Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей)
Исмаил Бекболат («Қайрат»)
Азамат Туяқбаев («Қайрат»)
Ғалымжан Кенжебек («Ахмат», Ресей)
Рамазан Каримов («Шахтер»)
Максим Самородов («Ахмат», Ресей)
Айта кетейік, Англияның «Бернли» клубында ойнайтын шабуылшы Дастан Сәтпаев бастапқыда 38 футболшы енген кеңейтілген тізімге қосылған еді. Алайда ол соңғы 27 ойыншының қатарына енбеді.
Спорттық БАҚ-тың мәліметінше, 18 жастағы шабуылшы Чемпионшиптегі соңғы матчынан кейін МРТ-дан қайта тексеруден өткен. Тексеру нәтижесінде жарақаты анықталғандықтан, медициналық штаб пен бапкерлер кеңесі футболшының денсаулығына қауіп төндірмеу үшін оны Молдова және Словакия құрамаларына қарсы қараша ойындарына шақырмау туралы шешім қабылдаған.
Сондай-ақ «Қайраттың» негізгі қақпашысы Темірлан Анарбеков те ұлттық құрамаға шақырылған жоқ. Ол да кеңейтілген тізімде болғанымен, бапкерлер штабының шешімімен соңғы құрамға енбеді.
Қарашадағы халықаралық үзіліс кезінде Қазақстан құрамасы екі маңызды матч өткізеді. 13 қарашада сырт алаңда Молдовамен кездессе, 16 қарашада Астанада Словакия құрамасын қабылдайды.
Ұлттық құрама ойындарға дайындықты 5 қарашада Түркістанда бастайды. Ал «Қайрат» футболшылары 5 қарашада Италияның «Аталанта» клубына қарсы Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде ойнағаннан кейін, ел құрамасына бір-екі күн кешігіп қосылады.
Бұған дейін футболдан ҚПЛ-дың 29-турының ойындары басталатынын жазғанбыз.