Бүгін футболдан ҚПЛ-дың 29-турының ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл ойындар 24 және 25 қазан күндеріне белгіленген.
Алдымен 24 қазанға төрт кездесу жоспарланса, 25 қазанда тағы төрт матч өтеді.

ҚПЛ: «Астана» елордада «Каспиймен» тең ойнады
Фото: «Астана» ФК

Бүгін, 24 қазанда 15:00–де «Оқжетпес» (Көкшетау) — «Каспий» (Ақтау), «Жетісу» (Талдықорған) — «Тобыл» (Қостанай) кездессе, 16:00–де «Қызылжар» (Петропавл) — «Ұлытау» (Жезқазған), 18:00–де «Ордабасы» (Шымкент) — «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады.

Ал 25 қазанда 15:00–де «Алтай» (Өскемен) — «Елімай» (Семей), 16:00–де «Атырау» — «Ертіс» (Павлодар), 18:00–де «Ақтөбе» — «Қайрат» (Алматы) жасыл аалңға шығады.

Бұл турды 19:00–де «Астана» — «Қайсар» (Қызылорда) командалары түйіндейді.
Ойындар SPORT+ телеарнасы мен youtube KFF League арқылы тікелей эфирден көрсетіледі.

Айта кетсек, Қазақстан Премьер-лигасында 29-турдан кейін 67 ұпаймен шымкенттік «Ордабасы» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы алматылық «Қайраттың» 63, елордалық «Астананың» 52 ұпайы бар. 

Сұрмергендер көшінде норвегиялық Берн Йонсен («Ордабасы») -14 голмен бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындардағы Марк Гуаль («Қайрат») мен Марин Томасов («Астана») — 11 гол соғып үлгерді.

Айта кетсек, бұдан бұрын футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған ХХІІІ туры мәресіне жетті.