Дауыс берушілер легі артып, сайлау учаскелеріне келушілер көбейіп келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Таң атып, күн көтерілген сайын сайлау учаскелеріндегі дауыс берушілер легі толастар емес. Дауыс беру бүкіл елді қамтып, сайлау жәшіктерінің жанындағы үйреншікті көріністермен қатар, бұл күнге ерекше реңк беретін оқиғалар да болып жатыр.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ал шетелде дауыс беру бұдан да ертерек басталды. Жергілікті уақыт бойынша алғашқы болып Сеул мен Токиодағы сайлау учаскелері ашылды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ал Алматы облысында сайлау отбасылық шеруге ұласты. Жамбыл Жабаевтың 30-ға жуық ұрпағы ақынның әдеби-мемориалдық музейінің алдына жиналып, сайлау учаскесіне бірге жаяу барды. Сайлаушыларды халық күйлерін орындаған домбырашылар сүйемелдеді, ал ақынның шөберелерінің киімінде «Жамбыл — 180 жыл» деген жазу болды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Десе де бүгінгі таңдағы ең ерекше оқиғалардың бірі Ұлытау облысында тіркелді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қызылжар ауылының 116 жастағы тұрғыны, елдегі ең қарт кейуана Түймегүл Темірбаева да өз таңдауын жасады. 1910 жылы дүниеге келіп, бір ғасырдан астам ғұмыр кешкен ол Құрылтай депутаттарын сайлауға алғаш рет қатысты.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сағат өткен сайын мұндай оқиғалар көбейіп, сайлаушылар легі артып келеді.

Айта кетелік елімізде тарихи Құрылтай сайлауы өтіп жатыр