НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында еркін күрестен Дәулет Ниязбеков Токио 2020 Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еркін күрестен ерлер арасында 65 келі салмақ дәрежесінде үш дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы, қазақстандық Дәулет Ниязбеков ширек финалда моңғолиялық Тимур Очиромен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз әлем біріншілігінің жартылай финалына өтіп қана қоймай, Олимпиада ойындарына жолдаманы қанжығаға басты.
Ол 1/8 финалда неміс балуанын ұтып, ширек финалға шыққан болатын. Енді Дәулет Ниязбеков жартылай финалда өз салмағының үздігі, әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған үндістандық Бажранг Пуниямен белдеседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.