Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіне қатысты пікір білдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Мемлекетбасшысының Жарлығымен Орталық коммуникациялар қызметі ҚР ПрезидентіӘкімшілігінің басқаруына берілді. Бәрінен бұрын, үш жылдан астам уақыт біргежұмыс істеген ОКҚ қызметкерлеріне жылы лебізімді білдіргім келеді. Құрметтіәріптестер, сіздердің күш-жігерлеріңіз әрі тынымсыз еңбектеріңіздің арқасындаҚызмет жұмысын айтарлықтай жаңғыртып, оның тиімділігі мен беделін журналистер, сарапшылар және қоғамдастықалдында арттыруға мүмкін болды. Соңғы буынды техникамен жабдықталған жаңабаспасөз орталығының ашылуын біздің ортақ үлкен жетістігіміз деп санаймын», -деп жазды Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы орайда министраталған медиа-алаң Елбасының, Қазақстан Президентінің, сондай-ақ БАҚөкілдерінің жоғары бағасына ие болғанын атап өтті. Тек 2019 жылы осында 127шара өткізілді, яғни баспасөз мәслихаты, телекөпір, сарапшылық пікір алмасу,өңірлер мен шетелге тікелей байланысқа шығу ұйымдастырылды. Сонымен қатарведомство басшысы ОКҚ алаңында Қазақстан Президенті сайлауының нәтижесіжарияланғанын еске салды.

Орталықкоммуникациялар қызметі мінбесінен түрлі резонансты оқиғалар бойынша мәліметтаратылғанына тоқталған Д. Абаев, «Еліміздегі қоғамдық-саяси күн тәртібіекпінді түрде өзгеруде. Осы ретте ақпараттық блок алдында жаңа міндеттер бар.Сондықтан Мемлекет басшысының бүгінгі шешімі осының барлығын ескеріп, қамтыптұр. Осыған байланысты баршаңызға шын жүрегімнен сәттілік тілеймін жәнеістеріңіз тек алға бассын. Рахмет!», - деді.

Бұдан бұрынхабарланғандай, Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы «Орталықкоммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Президент Өкімімен Талғат Қалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметініңбасшысы болып тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар