Сөз Sresan Pharmaceutical, Rednex Pharmaceuticals және Shape Pharma компаниялары өндірген COLDRIF, Respifresh TR, ReLife шәрбаттары жайында болып отыр. Олардың құрамынан уытты зат - диэтиленгликоль (DEG) анықталған. Шәрбаттар суық тию, жөтел және тұмаудан емделу үшін нкеңінен қолданылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының үндістандық Sresan Pharmaceutical, Rednex Pharmaceuticals и Shape Pharma компаниялары өндірген COLDRIF, Respifresh TR, ReLife шәрбаттарынан уытты зат – диэтиленгликоль табылғаны туралы ескертуіне байланысты Дәрілік хаттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы хабарлама жасады.
- Аталған препараттар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Оларға сәйкестік сертификаты рәсімделген жоқ, - деп атап өтті аталған орталықтан агенттік сауалына орай.
Ұйымның атап өтуінше, аталған шәрбаттарды ішу әсіресе балаларға аса қауіпті болуы мүмкін.
- Азаматтарды дәрілік заттарды сатып алу кезінде барынша сақ болуға шақырамыз. Лицензия бар дәріханалардан ғана препараттарды сатып алыңыздар және аталған шәрбаттарды қолданбаңыздар, - деп ескертті орталықтан.
Айта кетейік, бұған дейін ДДҰ Үндістанда шығарылатын жөтелге қарсы шәрбаттардың қаупі туралы ескерткен еді.