Оның айтуынша, уақытша орналастыру орындарында тұрып жатқан тұрғындар арасында қызылша, көкжөтел секілді вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулардың таралу қаупі артқан.
Сондай-ақ маса арқылы таралатын денге қызбасы, лас су арқылы жұғатын ішек инфекцияларының таралу қаупі де жоғарылап отыр.
Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халық тығыз орналасқан уақытша паналау орындарында жаппай вакцинация жүргізуге шешім қабылдады. Ал Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы Венесуэлаға 6,2 тонна дәрі-дәрмек жеткізіп, екі дала госпиталін орналастырды.
Алайда Сиро Угартенің айтуынша, бұл шаралар жеткіліксіз. Қазіргі басты міндет – індеттердің алдын алу, ауызсу жүйесін қалпына келтіру және шұғыл иммундау жұмыстарын жүргізу.
Соңғы мәлімет бойынша, 3 шілде таңындағы жағдаймен Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті.
Айта кетейік, 24 маусымда Венесуэланың солтүстігінде 39 секунд аралықпен магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісі тіркеліп, артынша ондаған афтершок болды. 1 шілдеде елде жер сілкінісі құрбандарын еске алуға байланысты жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды.