Делси Родригес: Венесуэла карнавалды бейбіт түрде тойлайды

Фото: Азертадж

АСТАНА. KAZINFORM — Венесуэладағы жыл сайынғы карнавал биыл да бірлік пен бейбітшілік жағдайында өтеді. Бұл туралы республиканың уәкілетті президенті Делси Родригес өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазды ТАСС.

— 2026 жылғы Бейбітшілік карнавалының лебі Венесуэланың әр бұрышында сезіліп жатыр, — деп жазды Родригес. 

Оның айтуынша, әр штат пен қаладағы алаңдар мен көшелер Венесуэла халқын біріктіретін бірлікті, бауырластықты және мерекелік рухты насихаттайтын әуенмен әрленген. Шара мерекелік көңіл күйді бейнелейтін түстерге боялып, отбасылық дәстүрлер кеңінен насихатталады.

Уәкілетті президент карнавал бейбіт жағдайда демалуға, дәстүрлермен бөлісуге және Венесуэла мәдениетін мақтан тұтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Билік ел астанасының өзінде демалу үшін 47 алаңды ашты. Ресми мәліметтерге сәйкес, жағалаудағы аудандарда  қонақ үйлер мен жағажайлар халыққа лық толды. Барлық штаттарда концерттер, гастрономиялық жәрмеңкелер және спорттық іс-шаралар өтеді.

Айта кетейік, осыған дейін Рио-де-Жанейродағы карнавал 8 млн адамды жинап, экономикалық рекорд орнатуы мүмкін екені туралы хабарладық.