Демалыс күндері күн жылынады

АСТАНА. KAZINFORM – Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жылы болады.

Фото: freepik.com

Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жел күшейіп, бұрқасын болады. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.

Күндіз ауа температурасы елдің батысы мен оңтүстігінде 3… 15°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде –2°С-тан 5°С-қа дейін болады.

Айта кетелік 13 наурызда елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелгені туралы жазған едік