Демалыста күн райы қандай болады

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM –  Алдағы күндері республика бойынша тұман басып, жел күшейеді. 

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады.

11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар түседі.

10–12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр болжанады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы –3…+3 °C шамасында болады. 

Айта кетелік Мәскеуде қалыңдығы 65 см-ге дейін қар жауатыны туралы жазған едік