АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 218-ракеткасы Денис Евсеев Хельсинки (Финляндия) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші алдымен дүниежүзілік рейтингіде 946-орында тұрған эстониялық, 19 жастағы Оливер Оякаэрді 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Д.Евсеев екінші айналымда әлемнің 241-ракеткасы, италиялық Федерико Арнабольдимен кездесті.
Ф.Арнабольди алғашқы айналымда әлемнің 108-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкинді 6:4, 7:5 есебімен жеңіп кеткен еді.
Д.Евсеев соның есесін қайтарып, Ф.Арнабольдиді 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Денис 1 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Арнабольди 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Денис Евсеевтің ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жылдың қорытынды турнирінде екінші рет ұтылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).