Денис Евсеев Румыниядағы жарысты жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 457-ракеткасы Денис Евсеев Брашов (Румыния) челленджер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты.

Фото: olympic.kz

Іріктеу сайысында 8-ракетка болып тіркелген қазақстандық спортшы бастапқы кездесуін румыниялық Ян Патрик Синескумен өткізді.

Қос партия да 6:3 есебімен Д.Евсеевтің пайдасына шешілді. 

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Евсеев 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Румыниялық спортшы 2 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

Денис Евсеев іріктеу сайысының финалында әлемнің 310-ракеткасы, жапониялық Акира Сантильянмен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде көш бастау мүмкіндігі туралы айтып бергенін жазған едік.