Денис Евсеев Түркиядағы турнирдің ширек финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жұптық сында Ыстанбұл (Түркия) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Фото: ktf.kz

Денис Евсеев қытайлық Фацзин Суньмен бірге бастапқы матчын тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин — америкалық Колин Синклермен өткізді.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке 6:2, 6:4 есебімен қазақстандық-қытайлық жұптың пайдасына шешілді. 

Денис Евсеев — Фацзин Сунь жартылай финалға шығу үшін Беларусь өкілі Сергей Бетов — ресейлік Илья Симакин немесе жапониялық Юсуке Кусухара — Шунсуке Накагава жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Тағы бір қазақстандық Соня Жиенбаева жұптық сында Оренсе (Испания) ITF W75 жарысының жартылай финалынан тыс қалды. 

Соня Жиенбаева ресейлік Екатерина Яшинамен бірге ширек финалда тартысты ойында испаниялық Селия Сервино Руис — франциялық Тифани Леметрге жол берді — 4:6, 6:1, 9:11. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Испаниядағы турнирде топ жарғанын жазған едік. 

Сондай-ақ Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирде қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді.