«Иә, екі қылмыскерге ұрлық, қарақшылық және кісі өлімі бойынша айып тағылып отыр. Ал бұл әйелге «біле тұра хабар бермеу» айыбы тағылуда. Қыркүйек айының соңына дейін істі сотқа жолдаймыз», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам - Жанар Толыбаева 2 айға қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.
Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адамға қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылған.
«Алмалы аудандық сотына Жанар Толыбаеваны екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялауға өтініш түсті. Әйел адам ҚР ҚК 434-бабы мен 188-бабының 2-бөлімімен 2 айға қамауға алынды», - деп хабарлады қалалық соттан.