«Құрметті қазақстандықтар! Келе жатқан Тәуелсіздік мейрамымен құттықтай отырып, ұзақ демалыс күндері барын ескере келе сіздерді халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық іс-шараларды өткізбеуге және оларға қатыспауға, коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу шараларын сақтауға, міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік қашықтық пен гигиена талаптарын сақтауға, құттықтау үшін қашықтан байланыс құралдарын пайдалануға шақырамын», - деді деді Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша оқу жылы басталғалы бері 2 884 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 818 жағдай, қашықтан білім алатын балалардың арасында 2 066 жағдай тіркелген.
Еске сала кетсек бұған дейін Роза Қожапова эпидемиологиялық жағдай жақсарған өңірлерде карантин шарасын жеңілдету мәселесі қаралатынын мәлім еткен еді.