Дэвис кубогы: Александр Бублик қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Монако арасында плей-офф матчы басталды.
Дода беташарын Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен Уго Нис ашты.
Бастапқы сетте Бублик қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады — 6:0.
Александр екінші сетте де 2:0 есебімен алға кетті. Ақыры ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.
Осылайша, Монакомен матчта Қазақстан құрамасы алға шықты — 1:0.
Бүгін сондай-ақ Александр Шевченко мен монаколық Валантен Вашро кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын жас теннисші Әмір Омархановтың Тунистегі турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ Александр Бублик тұсауын кескен балақай теннис добын таңдады.