Дэвис кубогы: Қазақстан мен Монако матчында таразы басы теңесті

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Монако арасында плей-офф матчы өтіп жатыр.

Кортқа екінші болып рейтингіде 87-орындағы Александр Шевченко мен әлемнің 27-ракеткасы, Монако командасының көшбасшысы Валантен Вашро шықты. 

Бірінші партия монаколық теннисшінің айқын басымдылығымен өтті - 6:0.

Екінші сетте Шевченко 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады. Есесіне Вашро қатарынан бес гейм алды - 6:3.

Осылайша, қос команда арасындағы есеп теңесті - 1:1.

Қазақстан мен Монако арасындағы матч сенбі күні жалғасады. Бұл күнге үш бәсеке жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жас теннисші Әмір Омархановтың Тунистегі турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Александр Бублик тұсауын кескен балақай теннис добын таңдады.