АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобының плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Монакодан жеңіліп қалды.
Бүгін жекелей сында қос команданың үздік ойыншылары, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен рейтингіде 27-орындағы Валантен Вашро кортқа шықты.
Екі сетте тай-брейкте В.Вашро 7:6 (7:4), 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп матч Монаконың пайдасына шешілді - 3:1.
Қалған бір кездесу ойналса да, ештеңені шешпейді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогында Александр Бубликтің қарсыласын айқын басымдылықпен жеңгенін жазған едік.
Сондай-ақ Әмір Омархановтың Тунистегі жарыстың жартылай финалына өткенін хабарлағанбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).