Дэвис кубогы: Қазақстанмен матчта Монако алға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы аясында өтіп жатқан Қазақстан мен Монако арасындағы плей-офф матчы жалғасын тапты.
Кортта Александр Бублик — Бейбіт Жұқаев жұптық сында Роман Арнеодо — Уго Ниспен шеберлік байқасты.
Тартысты өткен бәсекеде бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық жұп басымдылық көрсетті — 7:6 (7:1).
Екіншісінде монаколық дуэт есе қайырды — 7:6 (8:6).
Үшінші, шешуші сетте монаколықтар жеңісті жұлып алды — 7:6 (7:5).
Ойын 2 сағат 52 минутқа созылды.
Осылайша, Монако құрамасы алға шықты — 2:1.
Сонымен қатар бүгін жекелей сында Александр Бублик — Валантен Вашро және Александр Шевченко — Уго Нис кездесулері жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогында Александр Бубликтің қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқанын жазған едік.
Сондай-ақ Қазақстан мен Монако матчында таразы басы теңесті.
Әмір Омарханов Тунистегі жарыстың жартылай финалына өтті.