«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Жұмагелдиев босатылды» немесе «оны белгісіз бағытта алып кетті» деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таратылуда. Егер басында бұл азаматты полиция атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін ұстаса, қазір оған қатысты жаппай тәртіпсіздіктер бойынша іс тергеліп жатқанын ресми түрде хабарлаймын. Қазіргі кезде арнайы прокурорлар екі қылмыстық істі біріктіріп, өз тергеуіне алды. Ал Жұмагелдиев ҰҚК тергеу изоляторына ауыстырылды», - деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Бұған дейін Р.Ожаров «Дикий Арманның» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын мәлім еткен болатын.