«Ол (Дикий Арман) азаптау және құқық қорғау органдарының өзге заңсыз әрекеттеріне қатысты сотта жеңді. Бүгін бұл туралы біліп, қатты қуанды. Заң ол үшін жұмыс істемейтінін, бірақ бүгін таңғажайып оқиғаның болғанын айтты», – деп жазды Олег Чернов. Аталған іске қатысты сот жабық түрде өткендіктен, қалалық сот өкілдері ақпарат таратылмайтынын жеткізді.
Бұған дейін сот Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 тамызға дейін созған еді. Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын. Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.