АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Дикий» Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзарды, деп хабарлады Қазақпарат тілшісі.
«3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты», - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 7 қаңтарда Алматы полицейлері «Дикий» Арман лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі
Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Кейін Бас прокуратура «Дикий» Арманың Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлім етті.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.