Димаш 21 шілде Бейжіңнен Алматыға ұшып келді. Әнші бүгін Астана қаласында өтетін XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін елордаға оралды.
Бұл туралы әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында «Туған жерге аман-есен жеттім! Бұйырса ертең Астанада халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде кездескенше, достар!», - деп жазды.
Көптеген жанкүйерлері әуежайға алдын-ала жиналып, әншіні қазақтың дәстүрімен шашу шашып, қошаметтеп қарсы алды.
Айта кетейік, Димаш 19 шілде күні Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы Asian Music GaLa шарасында«Ең танымал шет елдің әншісі» , 20 шілде күні Шэньчжэнь қаласында 2017 MTV Music awards шарасында «Азияның ең танымал шетелдік әншісі» номинациясы бойынша марапатталды.