АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген 25 жасқа толды. Ол өз туған күнінде Ақтөбедегі үйіне келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін әнші екінші мүшел жасқа толды. Әлемді бағындырып, талайды тамсандырған әнші Нұр - Сұлтан қаласында екінші жеке концертін беру үшін Қазақстанға келген болатын. Ақтөбеге келгенін әжесі Миуа Низамутдинова әлеуметтік желі арқылы хабарлап, құттықтады.
"Дикомыз туған күнінде өз үйінде! Алтыным! Ұзақ ғұмыр тілейміз!", - деп жазды әжесі. Ал фанаттары өз лебіздерін білдіріп жатыр.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.