Димаш Құдайберген «American music awards» шарасының қызыл кілемінен жүріп өтті

Фото: None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «American music awards» шарасының қызыл кілемінен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

45 кезекті «American music awards» шарасы бүгін, 20 қарашада Лос-Анджелес қаласында өтіп жатыр. Отандасымыз мұнда құрметті қонақ ретінде қатысуда.

Айта кетейік, бұл Димаштың АҚШ-қа алғашқы сапары. 19 қараша күні әншіні америкалық фанаттар Лос-Анджелес әуежайында ыстық ықыласпен қарсы алды. Сондай-ақ, қызыл кілемінен жүріп өту шарасы кезінде Димаш қытайлық Youku видео порталының тікелей эфирінде сұхбат беріп, шараға қатысуы жөнінде өз әсерімен бөлісті.




«American music awards» - АҚШ-тың ең танымал музыкалық марапаттау шарасы. Жыл сайын әншілер жылдың ең үздік номинациялары бойынша марапатталады. Шара 1973 жылы бастап ұйымдастырылып келеді, кештің ең алғашқы жұргізушісі Майкл Джексон болған.

Соңғы жаңалықтар