АСТАНА. KAZINFORM – Әнші Димаш Құдайберген Будапештке ұшып барады. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Будапештке ұшып барам», — деп жазған әнші ұшақ тұсында түскен суретінің астына.
Айта кетсек, Димаш Құдайберген бұған дейін өз парақшасындағы жазбаларында Еуропада болатын концертін күтіп жүргенін жазған болатын. Әнші жуырда Еуропаның екі мемлекетінде өзінің жеке концертін өткізбек. 22 қараша күні өтетін жеке концерті Чехияның Прага қаласында болады деп жоспарланса, 24 қараша күні Германия мемлекетінің Дюссельдорф қаласында болмақ.
Еске салсақ, жуырда Франция Президенті Эмманюэль Макрон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай кеше Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізген болатын. Осы жиында Димаш Құдайберген жиналған қауымды әсем әнімен тәнті етті. Бұл туралы Президент кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Дина Ғалымжанқызы
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.