Димаш Құдайбергеннің әні Елисей сарайында әуеледі

АСТАНА. KAZINFORM – Франция Президенті Эмманюэль Макрон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай кеше Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізген. Осы жиында Димаш Құдайберген жиналған қауымды әсем әнімен тәнті етті. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.  

Димаш Құдайберген
Фото: Видеодан алынған скрин

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай Франция Президенті Эмманюэль Макрон кеше Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізген болатын. Әлемге әйгілі әншіміз Димаш Құдайберген жиналған қауымды әсем әнімен тәнті етті. Димашымыздың Париж төрінде шырқаған екінші әні атақты «Дайдидау». Елисей сарайында қос Президенттің алдында орындаған екі әнін де мемлекеттік қабылдауға жиналған жұртшылық өте жылы қабылдады.Осы екі әннің видеосын жолдаған француздық әріптесім Анастасия Колосимоға айрықша рахметімді айтамын», — деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар