АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Weibo awards жобасы бойынша «Музыкадағы жаңа күш» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таяуда ғана туған жерінде бір апта демалған Димаш Құдайберген осы жылдың алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол Weibo awards жобасы бойынша «Музыкадағы жаңа күш» номинациясын жеңіп алды.
«Осы сыйлықты алуыма сіздер себеп болдыңыздар. Қажырлы еңбектеріңізбен маған дауыс бердіңіздер. Үміт ақталды. Өзімнің, барша тыңдармандардың атынан сыйлықты ұстазым Марат Әйтімовке арнаймын»,- деді әнші Димаш Құдайберген. Ал ұстазы Марат Әйтімов: «Эмоциядан жүрегім аузыма тығылды, сөзім жоқ»,- деп өз ризашылығын білдірді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.