Түсірілім алаңындағы кадрлардан әншінің сахналық образы айтарлықтай өзгергенін байқауға болады. Димаш бұл жолы темір сауыт киіп, батыр бейнесін сомдаған. Сонымен қатар қылыштасу өнерін паш еткен.
– Түсірілім алаңынан сәлем, - деп жазды әнші бейнежазбаға.
Әлеуметтік желідегі оқырман әншіні танымай қалғанын жарыса жазып жатыр.
Айта кетейік, Димашпен кездесу үшін Лондонда жанкүйерлер ұзын-сонар кезекке тұрды.
Димаш Лара Фабианның Лондондағы концертінде арнайы қонақ ретінде өнер көрсетті.
Димаш Құдайберген Шанхай халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында өнер көрсетті.