Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой жаңа әндерін ұсынады

Фото: None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой жаңа әндерін ұсынады. Бұл туралы Ресейдің халық әртісі ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің26 қазан күні Нью-Йорктегі «Барклайс-центерде» өтетін мерейтойлық кешімде Димаштанымал болып үлгерген бес-алты таңдаулы әнді айтады, бұдан бөлек тағыбіразының үстінде жұмыс істеп жатырмыз», - деді Игорь Крутой.

Композитордыңайтуынша, Димаштың да оған көп көмегі тиіп отыр. «Оның контентін тыңдармандарасыға күтіп отырады. Ән шықты ма, ертеңіне таңертең 2 млн қаралым, 10 млнқаралым... Мен мұндайды бұған дейін көрген емеспін», - дейді музыкант.

ДимашҚұдайберген тамыз айының аяғында Сочи қаласында Игорь Крутой ұйымдастырғалыотырған «Новая волна» фестивалінде, күзде Нью-Йорк, Мәскеу, Минс, Дюссельдорфқалаларында өтетін мерейтой концерттерінде өнер көрсетеді.

Бұданбөлек, қазақ әншісі Ресейдің Санкт-Петербург жәнеАҚШ-тың Нью-Йорк қалаларында жекеконцертін өткізеді.

Ескесала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген әйгілі Лара Фабианмен дуэторындайтынын хабарлаған еді.


Соңғы жаңалықтар