22:30, 14 Шілде 2019 | GMT +6
Димаш Құдайберген Санкт-Петербург қаласында концерт өткізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген Ресейдің Санкт-Петербург қаласында концерт береді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
«Ресейдiң Санкт-Петербург қаласында 29 қарашада өтетін концертiме билеттер сатылымы ертең таңғы 10:00 де басталады. Асығыңыздар, көріскенше» деп жазды ол дағы парақшасында.