АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге келген Димаш Құдайберген екі қолынан айырылған Дамир Фактулинмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шалқар ауданындағы мектеп ауласында ойнап жүріп,трансформатордағы тоққа түсіпқалған Дамир Фактулин екіқолынан айырылған болатын. Бүгін оның армандарының бірі орындалып, ДимашҚұдайбергенмен кездесті.
«Ұлым Дамир өте қуанышты. Ол бүгін Димашпен түскі асішіп, кешке де бірге болады екен. Сыйлық та берді. Дамир Димаштың әндерін тыңдайды, кездесу арманы еді»,- деді Дамирдің анасы ГүлмираФактулина. Анасының айтуынша, ол кездесугеекі ұлын жіберген.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.