IV «Baqytty Bala-2022» вокалдық фестивалі 9 тамызда Ақтөбе қаласында басталды. Биыл байқауға қатысуға 200 өтінім түскен. Олардың ішінен өнерімен ерекшеленген 21 жас әнші финалға жолдама алды.
Конкурска қатысушыларға бірнеше күн бойы белді мамандар шеберлік сағаттарын өткізіп, арнайы экскурсия ұйымдастырды. Кеше белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің ұстазы вокалдық орындауға қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ, ол қатысушылардың алдағы қойылымдары қандай талаптар бойынша бағаланатынын айтты.
Кеш соңында қатысушылар жеребе тартты. Оның нәтижесі бойынша сайыстың финалында бірінші болып қарағандылық Асылайым Болатқазы өнер көрсетпек.
Фото: ru.dimashnews.com