— Мектеп — балалықтың мекені, ал ұстаз — сол шақтың ең жарқын шамшырағы. Бүгін № 32 мектеп-гимназиясына барып, мені тәрбиелеген ұстаздарыммен қауыштым. Уақыт өзгереді, адам өседі, бірақ ұстазға деген құрмет пен мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді, — деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасына.
Жақында танымал әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында өткен Stranger концертіне арналған деректі фильмнің трейлері жақын күндері жарияланатынын мәлімдеді.
Бірнеше күн бұрын «Димаш Құдайберген және Қазақстан: менің өмірімді қалай өзгертті?» атты кітабының авторы Эстер Ульмани Ақтөбеге келді. Әншінің швейцариялық жанкүйерін ұстаздары мен мектеп оқушылары күтіп алды.