Димаш өзінің қазақша әнін шырқаған индонезиялық жанкүйерінің дауысына тамсанды

Фото: None
«НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген өзінің «Ұмытылмас күн» атты әнін қазақша шырқаған индонезиялық фанатының дауысына тамсанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Instagram-да: «Индонезиялық өте талантты жанкүйерiмнiң орындауынқабыл алыңыздар. Әдемі, нәзік, тамаша орындау. Браво!», - деп жазып,видеоны жүктеді.

Онда жас қыз қазақстандық әнші орындап жатқан «Ұмытылмас күн» әніне қосылыпайтады.

Айта кетейік, бұл әннің авторы – Димаш Құдайберген, сөзін Орал Байсеңгір жазған.


Димаш бұған дейін өзіне айнытпайпародия жасаған тағы бір қыздың өнеріне тәнтіболған еді. Ол Моңғолияның «Яг туун шиг» телешоуында өнер көрсеткен моңғолқызы Б.Халиун болатын. Ол Қытайда өткен «I am a singer» жобасында Димашшырқаған «S.O.S d'un terrien en détresse» атты француз әнін орындады.

Биылғы маусым айында жас дарыниесі «Арнау» атты жекеконцертін өткізген болатын. Оған әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық жанкүйеркелді. Концертті тамашалаған шетелдік фанаттар Қазақстанға қайта оралуды көздеп отыр.

Димаш алдағы тамыз айында Сочиқаласында Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутой ұйымдастырғалы отырған «Новая волна» фестивалінде, күздеНью-Йорк, Мәскеу, Минск, Дюссельдорф қалаларында өтетін оның мерейтойлық концерттерінде өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, ол Ресейдің Санкт-Петербург жәнеАҚШ-тың Нью-Йорк қалаларындажеке концертін өткізбек.



Соңғы жаңалықтар