Димаштың Мексикадағы екінші концерті қайда өтетіні белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын, деп хабарлайды dimashnews.

Фото: dimashnews

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші қаласы саналатын Монтеррейде өтеді.

«Таулар сұлтаны» атанған қала тау жоталары қоршаған көркем аңғарда орналасқан. Бұл мегаполис — Мексиканың аса ірі өнеркәсіп және іскерлік орталығы.

Фото: dimashnews

Димаштың концерті Фундидора саябағының аумағында орналасқан Auditorio Banamex (Citibanamex) амфитеатрында өтеді. Бұл алаң — Монтеррейдің концерттер, гастрольдік бағдарламалар мен мәдени іс-шаралар өтетін жетекші мәдени нысандарының бірі саналады.

Осыған дейін Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізгенін жазғанбыз.