Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетті.
Дауылқызы Қырғызстан өкілі Эльмира Карабалаеваны сенімді түрде жеңді. Енді қола медаль үшін өтетін белдесуде Динара Өзбекстан өкілі Сакибжамал Есбосыновамен кездеседі.
Айта кетейік, бір күн бұрын Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді.
Еске салайық, бұған дейін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Мажарстанның Будапешт қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялағанын хабарлаған едік.