— Мекеме директоры мен есепшісі ата-аналар төлеген қаражатты өздерінің жеке шоттарына заңсыз аударып, мемлекетке 12 млн теңгеден астам шығын келтіргені белгілі болды, — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша прокурорлар Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, заңсыз иемденген қаражат соммасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.
Есепші 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.
Келтірілген залал толық көлемде өтелді.
Айта кетелік Ақтөбеде жол белгілерін салуға жауапты шенеунік 8 жылға сотталған еді.