Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың финалында Кеве Ковачты (Венгрия) жеңді. Осылайша алтын жүлдегер атанды.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс барысында Дияр Аманәлі Грекия өкілі Николаос Зинисті, Ресей балуаны Эдем Пайзиевті, Грузия спортшысы Георгий Кеделидзені және Болгария өкілі Данимир Йордановты жеңіп, чемпион атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болған еді.
Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алғанын жазған едік.