Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладештегі турнирдің финалына жолдама алды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Бадминтоннан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алтын медаль үшін бақ сынайды. 

Жекелей сында өткен жартылай финалда қазақстандық спортшы малайзиялық Кон Джон Суинді жеңді. 

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды (21:17, 21:18).

Шешуші кезеңде Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданмен шеберлік байқасады. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Дмитрий Панариннің елордадағы халықаралық турнирдің 1/8 финалына шыққанын жазғанбыз.