АСТАНА. KAZINFORM – Бадминтоннан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алтын медаль үшін бақ сынайды.
Жекелей сында өткен жартылай финалда қазақстандық спортшы малайзиялық Кон Джон Суинді жеңді.
Кездесу 2:0 есебімен аяқталды (21:17, 21:18).
Шешуші кезеңде Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданмен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Дмитрий Панариннің елордадағы халықаралық турнирдің 1/8 финалына шыққанын жазғанбыз.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.