АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 339-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тың Санрайз қаласында (Флорида штаты) өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына өтті.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен доминикандық Джуниор Таварезді 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтты.
Д.Попко екінші айналымда америкалық, рейтингіде 871-орындағы Хенрик Вирсхольмді 6:3, 4:6, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Тартысты бәсеке 3 сағат 11 минутқа созылды.
Дмитрий Попко жартылай финалға өту үшін рейтингіде 821-орындағы тағы бір америкалық Аксель Нифвемен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Марсель турнирінің 1-ракеткасына жол берді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).