Дмитрий Попко жұптық сында Бразилиядағы жарыстың финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко жұптық сында Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің финалына жолдама алды.
Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші мен бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильва жартылай финалда америкалық Харрисон Адамс – франциялық Квентин Фольомен кортқа шықты.
Матч барысында қазақстандық-бразилиялық жұптың басымдылығы айқын байқалды – 6:3, 6:1.
Дмитрий Попко – Даниэль Дутра Да Сильва финалда доданың 2-ракеткалары, корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантоспен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Д.Попко жекелей сында жартылай финалдық матчын тағы бір бразилиялық, рейтингіде 392-сатыдағы Матеуш Алвешпен өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қатарынан 22 матчта жеңіске жеткен Дмитрий Попконың Бразилияда жартылай финалға өткенін жазған болатынбыз.
Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына шықты.
Александр Бублик Индиан-Уэллс жарысының келесі айналымына өтті.