Доллар 4 теңгеге арзандап, 447 теңгеге түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,02 теңгеге түсіп, 447,14 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 451,87 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 446,00 теңгеден сатып алынады, 453,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 499,00 теңге, сату — 509,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,15 теңге, сату — 5,35 теңге.
— юань: сатып алу — 67,92 теңге, сату — 71,53 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 447,56 теңгеден сатып алынады, 449,49 теңгеден сатылады. Еуро 498,93 — 504,10 теңге, ал 5,21 — 5,33 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,47 теңгеден сатып алынады, 70,07 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 5 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,85 теңгеге түсіп, 451,87 теңге болды.