Доллар бағасы қайта көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,63 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 493,85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше,қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496,2 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 497 теңге. Еуро 520 — 524 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 493 теңге, сатып алу құны – 498 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады. Ресей рублі 4,95 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,17 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,00 теңге.Еуро — 522,39.

Қаржыгер Расул Рысмамбетов теңге бағамында алыпсатарлық жасайтындарды анықтау маңызды екенін айтты. 

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы соңғы жағдайларға түсініктеме берген еді.