Доллар бірнеше күн қатарынан қымбаттап келеді

Фото: pexels

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,21 теңгеге қымбаттап, 541,34 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 541,01 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 541,11 теңгеден сатып алынады, 542,82 теңгеден сатылады. Еуро 637,49 – 640,96 теңге, ал рубль 6,41 – 6,53 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,60 теңгеден сатып алынады, 79,35 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 539,65 теңгеден сатып алынады, 544,65 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 636,35 теңге, сату - 644,38 теңге;

– рубль: сатып алу - 6,44 теңге, сату - 6,65 теңге.

– юань: сатып алу - 77,30 теңге, сату - 81,41 теңге.

Еске салайық, 17 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,25 теңгеге көтеріліп, 541,01 теңге болды.