Доллар бірнеше күн қатарынан өсіп келеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл өсті.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,54 теңгеге көтеріліп, 533,61 теңге болды. Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы - 532,74 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 532,33 теңгеден сатып алынады, 534,82 теңгеден сатылады. Еуро 618,23 –6122,38 теңге, ал рубль 6,71–6,83 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 530,74 теңгеден сатып алынады, 537,74 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 613,73 теңгеден сатып алуға, сату - 623,73 теңге;
- рубль: сатып алу 6,70 теңге, сату - 6,85 теңге.
Еске салайық, 17 шілде сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 6,05 теңгеге көтеріліп, 532,74 теңге болды.
16 шілдеде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,63 теңгеге көтеріліп, 526,50 теңге болды.
15 шілдеде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша долларының орташа бағамы 525,87 теңгеге жетіп, 1,5 теңгеге көтерілді.