Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Фото: Фото: pexels.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 – 521 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 9 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,05 теңге. Еуро — 566, 59.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,4 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516,4 теңге. Еуро 563 — 571 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 562,6 теңгеден сатып алынып, 570 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,91 - 6,10 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 8 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,55 теңгеге төмендеп, 518,57 теңге болған.

Бұған дейін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.