Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Фото: Фото: Kazinform/ Pixabay

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 — 514 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 26 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510, 84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,39 теңге. Еуро — 579,7

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 579, сату құны — 584.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 575 теңгеден сатып алынып, 582 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,27 — 6,45 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 23 мамыр күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,84 теңгеге қымбаттап, 510,84 теңге болған.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты